Новинки 2018 года
Следи за нами:
RSS

 

Әбсадықов, А.     Қазақ хандығы және тарихи аңыздар[Мәтін]: зерттеу мақалалар / А.Әбсадықов.- Алматы:Айғаным, 2017.- 342б.

Кітапқа Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық дамуына қомақты үлес  қосқан қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің туындылары мен оңың тағдырына  арналған құжаттық материалдыр топтастырылып отыр.

Бейсенбайұлы Ж.     Ұлы Даланың ежелгі       тарихының этномәдени төркіндері [Мәтін] /

Ж.Бейсенбайұлы.-Алматы: ҚАЗақпарат, 2017.-400б.: сурет.

Кітапта Ұлы Даланың ежелгі тарихына қатысты кейінгі жылдарда жүргізілген этномәдени, археологиялық,генеалогиялық,этимологиялық және т.б. зерттеу нәтижелері салғастыра сарапталып,аталған алып аумақта өркен жайған байырғы мәдениеттердің иелері,негізінен,осы ұлан-ғайыр кеңістікті талай мыңжылдықтар бойы мекен еткен тұрғылықты жұрттар екендігі дәйектеледі. Кітап авторы Ж.Бейсенбайұлы –белгілі жазушы,зерттеушы,шоқантанушы.Филология ғылымының кандидаты.

          

 

Бердібай Р.     Он томдық шығармалар жинағы [Мәтін] Т.1. Эпос-ел қазынасы / Р.Бердібай.- Алматы: РПБК

"Дәуір", 2017.- 320б.

ҚР ҰҒА-ның академигі,филология ғылымдарының докторы , профессор, публицист, жазушы, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткері,Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Рахманқұл Бердібайдың он томдық шығармалар жинағының бірінші томында халықтың рухани қазынасы болып табылатын эпостар мен қисса-жырлардағы дәстүр мен жаңашылдық проблемаларын кеңінен талдаған зерттеулерге кең орын беріліп,халық ауыз әдебиетінің эпикалық сапаты ғылыми тұрғыдан жан-жақты талданады.

 

Жұмабайқызы Г.     Өмір өткелдері [Мәтін] /

Г.Жұмабайқызы.- Алматы: Керемет медиа, 2017.- 416б.

«Айқын» газетінің саясат және бөлімі редакторы, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты Гүлнар Жұмабайқызының бұл жинағына 2011-2016 жылдарда республикалық қоғамдық-саяси «Айқын» газетінде «Өмір өткелдері»айдары бойынша жарияланған материалары топтастырылған.

 

Қазақ салт-дәстүрлері [Мәтін].- Алматы: Балауса баспасы, 2017.- 384б.

Кітапқа енгізілген салт-дәстүрлеріміз бабалардан қалған асыл мұрамызды қастерлей білуге,күнделікті өмірде қолданып,игілігін көруге мол семтігін тигізері хақ.

Қалдыбай М."Мен - халқымның Бауржанымын!.."[Мәтін]: әңгімелер / М.Қалдыбай.- Алматы: Келешек, 2017.- 456б.

Белгілі жазушы Мамытбек Қалдыбайдың бұл жаңа кітабында даңқты  қолбасшы,әскери ғылымның білгірі Бауыржан Момышұлының жайшылықтағы мінез-құлқы, тапқырлығы мен шешендігі, ұлтжандылығы мен ойшылдығы,өскен орта ерекшелігі,елдік намысқа нұқсан келер бет-жүзіңе қарамай айтатын турашылдығы бейнеленген.Жиырма бір жыл қоян-қолтық араласып,тәлімін көрген,әрқилы жағдайдағы айтқан әңгімелерін тыңдап,көңіліне түйген автор Баукеңнің ішкі әлемінің жұртқа беймәлім сырын мүмкіндігінше кеңінен аша түскен.

 

Қамзабекұлы Д.     Алаш арқауы [Мәтін]: зерттеу мақалалар / Д.Қамзабекұлы.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017.- 408б.

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Дихан Қамзамекұлының бұл жинағына елдік және мемлекетшілдік тарихымыздың айрықша кезеңі-Алашқа арқау болған құбылыстар,тұлғалар,ұйымдар,жиындар,ізденістер,оқиғалар туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеулері мен мақалалары еніп отыр.

Құлымбетов Ұ.     Материалдар мен құжаттар жинағы[Мәтін]. 1 кітап / Ұ.Құлымбетов.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017.- 416б.

Кітапқа Қазақстанның қоғамбық-саяси және экономикалық дамуына қомақты үлес қосқан қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің туындылары мен оның тағдырына арналған құжаттық материалдар топтастылып отыр.

 

Омарбеков Т.     Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандыктар баяны [Мәтін] / Т.Омарбеков.- Алматы:Хантәңірі, 2017.- 342б.: сурет.

Қазақтың белгілі тарихшысы,ғалым Талас Омарбековтің бұл жинағына қазақ халқы мемлекеттігінің негізі болып табылатын-ежелгі түркі қағанаттарының тарихы жөніндегі зерттеу еңбектері еніп отыр. Автор шығарманы жазу барысында көптеген тарихи мұрағаттар мен деректерге,мәліметтерге сүйене отырып, дәйекті пікірлер келтіреді.