Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
Осакаровка кентінің орталық балалар кітапханасында оқырмандардың жазушы, ақын Наталья Инжевскаямен кездесуі өтті.
Наталья Ивановна - Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Нью-Йорктегі орыс жазушылар клубының мүшесі. Ол Ресейдің "Поэт года" ұлттық әдеби сыйлығының номинанты және дипломанты (2014, 2018, 2019 ж.ж.), мұрағат және құжаттама мәдениеті басқармасының "Алтын жол" сыйлығының лауреаты (2019 ж.). "В.Маяковский" және "А. Ахматова" медальдарымен марапатталған. Бүгінгі таңда ол балаларға арналған он кітап, "Придумки от Алинки" кітаптар сериясы, "Французские рассазы" жинағы, "А осень нынче вредина", "Чужая весна", "Любимый город. Наталья Инжевская и молодые поэты Караганды", "О тебе. О любви. О себе", «Опаленные войной»  жинағы (Жеңістің 75 жылдығына) және басқалар.
 
Наталья Ивановнамен кездесуге Осакаровка кентінің №9 гимназиясының үшінші сынып оқушылары келді. Балалар Н.Инжевскаяның әңгімесі негізінде сахна дайындап, кездесуге арнайы үйренген өлеңдерін оқыды. Жазушы жас оқырмандарға өзінің "Приключения ослика Жайдара" және "Тюльпан счастья"атты жаңа кітаптарын таныстырды. Айта кету керек, Наталья Ивановна өз кітаптарын өз қаражатына шығарып, балалар кітапханаларына, мектептер мен балалар үйлеріне береді. Бүгін ол өзінің кітаптар жинағын №9 гимназияның мектеп кітапханасына сыйға тартты.
 
Наталья Ивановна балалармен бір бетте, сондықтан кездесу жылы әрі қызықты болды.
 
 
 


Вернуться назад