Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының кезекті мерейтойы қарсаңында Осакаровка кентінің аудандық кітапханасында полковник Амангелді Жантасовтың "Қара майор отряды "кітабының тұсаукесері өтті.

Кітаптың авторы Ауғанстандағы соғыс кезінде аты аңызға айналған "Қара-майор"-Борис Керімбаев басқарған 177 - ші отрядта рота командирінің орынбасары қызметін атқарды. Борис Төкенұлы-өзінің әскери борышын добікпен және абыроймен атқарған адамның үлгісі. Ол өзінің барлық талантын, білімін, шеберлігін Отанға қызмет етуге арнады.

Іс – шараға сарапшылар - В.Н.Яворский, Ауғанстан аумағындағы қимылдарының ардагері, Е.Н. Монжосов, тарих пәнінің оқытушысы, өлкетанушы, "Оңтүстік шекара" кітабының авторы, Б. Сағымбеков және П. Ларин-тәжік-ауған қақтығысының бітімгершілік жауынгерлері шақырылды.

Осакаров тарихи-өлкетану мұражайы Ауғанстандағы соғысқа арналған экспозицияны ұсынды, ол кездесуге қатысушыларды-жоғары сынып оқушыларын қызықтырды. Мұнда олар киімдерді, сарбаздардың оқ-дәрілерін, медальдарды, құжаттарды көрді.

      


Вернуться назад