Кітапхана мамандарының жұмысы "Аманат" партиясы облыстық филиалының, Осакаров ауданы әкімінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Молодежный кентінің Кустовая кітапханасының меңгерушісі Бағдат Алтайқызы Құсайынова ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды.
Әріптестерімізді мерекемен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, жаңа жетістіктер және алғыс білдіретін оқырмандар тілейміз.Біздің кәсіби мерекеміз бізге ертеңгі күнге деген сенімділікті, адами қарым-қатынастың жылуын және еңбегімізді мойындауды сыйласын. Біздің кітапханаларымыз кітаптарға, жарыққа, ал жүрегіміз оқырмандардың жылуы мен ризашылығына толы болсын.



























