Жаңалықтар
Следи за нами:
RSS
27 қыркүйекте Е.Бөкетов атындағы ҚарГУ алаңынан бастау алған «Жастар-жастарға» мәдени ақпараттық –насихаттау керуені бүгін біздің Осакаровка ауданына да бас тіреді.
Акцияның басы мақсаты өскелең ұрпаққа мемлекеттік жастар саясатын түсіндіру. Бұл шара Қарағанды обл алыс және жақын селоларында жыл сайын дәстүрлі түрде бес жыл бойына жүріп келеді. 
Жыл сайын насихаттаушылар алдарына нақты тапсырма қояды. Осы жылы жас жұмысшыларға және жоғары сынып оқушыларына мемлекет көмегі арқылы қалай білім алуға болатыны туралы айтылды. Сонымен қатар «Адамның сырт келбеті» жайлы психологиялық тренинг жүргізіліп, құқықбұзушылық тақырыбына байланысты «Зиянды әдеттер және одан арылудың жолдары» атты лекция оқылды. 
Қарағанды обл, Осакаров ауданының «Орталық кітапханалар жүйесі» ММ  жас мамандары аталған  шараға ат салысып, белсенділік танытты.


Вернуться назад